Жабайы алма

 

Біздің дәмді шымырланған сидр дуние жүзіндегі барлық алмалар туындаған жабайы Malus Siversii алмасынан жасалынады..

Алма ағашы Оңтүстік Қазақстанда «Құдай таулары» ретінде танымал Тянь-Шань тау жотасының баурайларынан табылды және біз оның қасиеттері мен дәмдік сипаттамалары сапалы сидр жасау үшін өте қолайлы екенін анықтадық.

Біз сидр жасау үшін қолайлы болып табылатын осы қазақ жабайы алма ағашының бірнеше сортын өзіміздің бағымызда өсіріп және одан жоғары сапалы сидр жасау үшін арнайы түрде іріктеп алдық.

Тарих

Карл Фридрих фон Ледебур, эстон-неміс биологы «үіі жылы Тянь Шань тауларында алма ормандарының молшылығын көрсеткен алғашөы ғалым болды.

Орталық Азияның бұл аймағы үй алмасының пайда болуының орталығы болды деген гипотезаны 1920-шы жылдары Орталық азияның ормандарын зерттеген орыс ғалымы Николай Вавилов одан әрі дамытып растады.

Қазақстандық ғалым Аймақ Жанғалиев кеңес уақытында ормандарды кең көлемде шабылу кезінде Қазақстанның жабайы алма ағаштарының ормандарын сақтау бойынша елеулі жұмыстар атқарды. Бұгінде олар ормандар күзетілетін қорыөтарды орналасқан.

2010 жылы әлемнің 20 ұйымынан 86 көрнекті ғалымдардан тұратын командасы алғашқы рет үй алмасының геномын сұрыптап, Nature Genetics. журналында нәтижелерін жариялап шығарды. Олар қазақстандық Malus Siversii алмасының шын мәнінде бүкіл әлем бойынша 7,500 түрлі алма сорты туындаған жабайы ата-тегі болғанын анықтады.